Mobil Plus Көмек «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді

37

Шымкентте кезекті «Мектепке жол » қайырымдылық акциясы өтті. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен Мобил плюс көмек қайырымдылық қорының бастамасымен ұйымдастырылған шара барысында көмекке мұқтаж отбасындағы 51 балаға оқу құралдары бар смартрюкзактар табыс етілді.

Бұдан бөлек, көпбалалы отбасы балаларына мектеп формасы тарту етілді. Ал карантинге байланысты 50-ге жуық балаға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары үйлеріне жеткізіледі.

Гүлжан Садыбекова, көпбалалы ана: «Забадам» елдімекенінде бес бөлімелі жер үйге 3 күн болды көшіп барғанымызға. Тағы балаларыма мынадай көмек көрсетіліп жатыр. Түгел оқу құралдарымен  рюкзак берді. Қиналып жүргенде, бұл біздің отбасымыз үшін ұлкен көмек болды. Алла разы болсын».

Mobil Plus Көмек қайырымдылық қоры 6 жыл қатарынан көпбалалы, аз қамтылған отбасындағы балаларды мектепке дайындауды дәстүрге айналдырған. «Мектепке жол» акциясы барысында балаларға тарту етілген смартрюкзактарда қуаттағыш құрылғысы, дәптер, қаламсап, оқуға керек барлық заттар жинақталған. Карантинге байланысты тағы 50-ге жуық оқушыға дәл осындай жиынтықтар үйлеріне жеткізіледі.

Наргиза Керимбаева, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Mobil Plus Көмек қайырымдылық қорының президенті: «Біздің қайырымдылық қоры қамқорлыққа алған патронаттық отбасылары «Зеленая балка», Забадам, Чапаевка тұрғын алаптарында тұрады. Бүгін мүмкіндігімізше және эпидахуалға байланысты бірқатар отбасыларының басын қосып отырмыз. Ең бастысы, жаңа оқу жылында ата-аналарға да, балаларға да төзімділік, мықты денсаулық тілейміз. Қиын жағдайға қарамастан әрбір отбасы бақытты болсын. Мектепке ақ жол тілейміз».

Қайырымдылық акциясы барысында көпбалалы аналардың тағы бір өтініші орындалды. Mobil Plus Көмек қорының өкілдері қолдауды қажет ететін отбасылардағы балаларға мектеп формаларын сатып алып, тарту етті.

Пікірлер
Редакция таңдауы