Қоғамдық кеңес мүшелері шымкенттіктерді белсенді болуға шақырды

54

Шымкентте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онлайн форматта өткен жиын барысында шаһарда қалыптасқан эпидахуал барысында кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру, субсидия жайы да күн тәртібінде қаралды.

Қоғамдық кеңес мүшелері отырысқа тыңғылықты дайындалыпты. Шымкенттегі кәсіпкерлік саласындағы атқарылып жатқан есептегі халық арасында дау тудырған мәселелер бойынша сұрақтар жеткілікті болды. Солардың бірі – грант үлестіру жұмыстары.

Береке Дүйсебеков, Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы: «Конкурсқа қатысты сұрақтар көп, бөлінген қаржы шектеулі, гранттарды бөлуде теріс ұғымдарды жою мақсатында мемлекеттік қызметкерлер қатыстырылмайды. Грантты бөлуге қалалық мәслихаттың депутаттары, «Азаматтық Альянс» БАҚ өкілдері қатысады. Ашық өтуде».

Шаһардағы қазіргі эпидахуалға байланысты шағын және орта бизнестің жұмысына қатысты шектеулер де бүгінгі отырыста назардан тыс қалмады.

Жиында Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың бағасын тұрақтандыру бағытында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының есебі тыңдалды. 102 жылыжайы  3 мыңнан астам шаруа қожалығы бар Шымкент картоп, сәбіз , пияз сияқты өнімдермен тұрғылықты халықты қамти алмай отыр.

Бұл бағытта жұмысты жандандыру қажет деген қоғамдық кеңестегілер қызу талқыланып жатқан мәселелер бойынша тұрғындардың сын-ескертпе, ұсыныстарын тыңдауға дайынбыз дейді. Және де шымкенттіктерді белсенділік танытуға шақырды.

Нұрғазы Бұхарбаев, Шымкент қаласының қоғамдық кеңесі төрағасы: «Қоғамдық кеңестің өзі атауы айтып тұрғандай қоғамға пайдамызды тигізуіміз керек. Сондықтан сіздерді белсенді болуға шақырамыз. Бізде сайт бар, өз пікірлеріңді білдіре аласыздар».

Пікірлер
Редакция таңдауы