Шымкентте аяқ киім шығаратын кәсіпорын ашылмақ

1283
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тағы бір жаңа кәсіпорын ашылмақ. Өткен аптадағы инвестициялық штабта жаңа жоба таныстырылып, негізгі мәселелері талқыланды.

«Тараз-INTERSERCO» ЖШС ақ киім шығаруды қолға алды. Ол үшін арнайы аймақтан 1 гектар жер берілді. Инвестициялық жобаның құны – 400 млн теңге. Жылына 150 мың аяқ киім тігуді жоспарлап отыр. Шығарылған өнім толығымен ішкі нарықты қамтитын болады.

Кәсіпорын іске қосылған сәтте 60 адамды жұмыспен қамтымақ. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан барлық қажетті құрал-жабдықтар алынған. Вьетнамдық кәсіпкерлермен серіктестік орнату, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Штабта жер мен инфрақұрылым, экономикалық аймақтың жеңілдіктерін ұйымдастыру тұрғысында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болып шешім қабылданды.

 

Пікірлер