Кірлетпей кетті жүректі...

408
Виктор Кияница... Танымал журналист. Қолтаңбасы бөлек публицист. «Комсомольская правда Казахстан» басылымының басшысы. Жігерлі жетекші.
Қырық жыл бұрын КазГУ-ге бірге түстік. Түгелге дерлік бас қалада тұратын орыс тобындағы өркеуде жігіттердің ішіндегі ең қарапайымы сол еді. Ол кейін Мәскеуге ауысып кетті. МГУ-ді бітірді. Оқуын тауысқан соң сол кезде дүниені дүрілдетіп тұрған «Комсомольская правдада» қызмет істеді. Мәскеуге жолымыз түскенде жиі жолығып тұратынбыз. Онда тұрақтап қалмай, елімізге қайтып келді. Мәскеу жақты бетке алғандардың көшті кері бұрғанын көрмеп едік... Содан бері табан аудармай ақпарат саласында ұзақ жыл тер төкті. Қазақ журналистеріне жақын жүрді. Олардың да Викторға деген ықыласы бөлек-ті...
             
           
Талай рет жолымыз тоғысты. Витямен бірге біз қайда бармадық?! Мұхит астық, теңіз кештік. Жер-жерді шарладық. Тау-тасты кездік. Сонда байқадық. Сапарлас болуға таптырмайтын сенімді серік. Жайыңды ойлайды, жаныңды ұғады. Ми қыртысына дейін мәдениет қонған жігіт еді.
Бүгін өмірден өтті... Індет іргеден тап беріпті. Кім ойлаған?.. Қош бол, Виктор! Содан ескі альбомды ақтарып...
Возможно, это изображение (3 человека, люди стоят и на открытом воздухе)
Бауыржан ОМАРҰЛЫ,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар