Олжас Сүлейменов: "Қазақтың 70 пайызын аштықпен қырды, қалған 30 пайызын ухань вирусымен қырмақ па?!"

4792
Adyrna.kz Telegram

Белгілі ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Қазақстанның Жамбыл облысында аса қауіпті штаммдар қоймасы бар биологиялық зертхананың салуына қарсылық білдірді деп хабрлайды "Адырна" ұлттық порталы  "ҚазТАГ" агенттігіне сілтеме жасап.

"Біздің елімізде ғылым есімдермен көрінбейді. Гуманитарлық ғылымдар да, техникалық ғылымдар да қазір "үнсіз" қалды. Әсіресе, осы 30 жылдықта олар мүлдем "үнсіз". Өйткені ғылымға көңіл аударылған жоқ. Негізінен экономикаға көбірек көңіл бөлініп кетті. Бүгін бір танысым хабарласты. Ол Жамбыл облысында Уханьдағы сияқты орталықты тез арада ашу керек деген Үкімет қаулысы шыққанын айтады. Бізге жетпегені осы еді. Осы күнге дейін сол Жамбыл облысында жарылуы мүмкін нәрсенің бәрі жарылды.  Енді бұған қоса биологиялық зертхана салуымыз қалып еді. Біздің қазақтың жалпы "тұзы жеңіл" ғой. Мысалы,  1930 жылдары қазақ халқының 70%-ы аштықтан қырылып қалса, қалған 30 пайызын енді осы Ухань инфекциясымен жойылуымыз керек.

Бізде микробиологтар жоқ! Олар қайдан келді? Олар мұны басқа жерде жасасын. Міне, мен осыған байланысты хат дайындап жатырмын. Бұл хат та "Невада-Семей" қозғалысы сияқты біздің халқымыздың тағы бір сынағын тоқтатуға көмектеседі деп сенемін", - деді Олжас Сүлейменов.

Сондай-ақ қоғам қайраткері Алматыдағы АҚШ-тың қаржысына салынған орталық референттік зертханаға қарсы шықты.

"Бұл зертханалардың барлығын, қаласа, Америкада салуға рұқсат. Бізде Қазақстанда онсыз да қауіпті инфекциялар, ақаулар, апаттар  жеткілікті", - деп қосты ол.

Бұған дейін айтылғандай,  Қазақстанның Жамбыл облысында қазіргі уақытта Орталық референттік зертханада жұмыс істеп жатқан вирустардың қауіпті штаммдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қауіпсіздік деңгейі жоғары биологиялық зертхана салу жоспарланып отыр.  

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер