«Жастар ресурстық орталығының» аудандық бөлімшелері ашылды

36

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының 4 ауданында «Жастар ресурстық орталығының» бөлімшелері ашылды. Орталықтың ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов пен «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов қатысты. Шара барысында қала әкімі жастар орталығының жұмысымен танысып, ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Бүгін Шымкентте ел Тәуелсізігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Жастар ресурстық орталығының» бөлімшелерінің ашылу салтанаты өтті. Орталық басшысы Ерлан Айтбаев, шараға арнайы қатысқан қала әкімін Қаратау аудандық жастар орталығының жұмыстарымен таныстырды. «Аудан тұрғындарына қаладағы жалғыз орталыққа келу қиындық туғазған соң, бөлімшелер ашу туралы шешім қабылдадық» дейді қала әкімі.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Әр ауданға бір-бір жастар орталығын ашып жатырмыз. Онда біріншіден жастарымыз консультанттық орынға келе алады. Жастардың жұмысқа орналасуы, қаламыздағы бизнес саласындағы жоспарларға, отбасы құрып оны дамытуға әрекет жасауға үлкен орталықтар бар».

Орталықта жұмыс істейтін кітапхана күніне 10-15 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Ал коворкинг бөлімі бір уақытта 12 жас азаматтарды жұмыс орнымен қамти алады. Психолог-медиаторлар жастармен жұмыс істеу мақсатында арнайы жинақтар дайындаған.

Сондай-ақ, ашылу салтанатында Мұрат Әйтенов «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысовпен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Конгрес директорының айтуынша, «аудан көлеміндегі жастар орталығы алғаш болып Шымкент қаласында ашылып отыр».

Тохтар Болысов, «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры: «Осындай орталық ешбір өңірлерде жоқ, аудандық деңгейде. Кейбір өңірлерде бар, кейбірінде нашарлау. Бірақ дәл осындай аудандық «Жастар ресурстық орталығын» бірінші рет көріп тұрмын. 17 өңірді бірнеше рет аралағанмын, тәжірибемнің арқасында осыны айта аламын».

Пайдалануға берілген 2 қабатты орталық бірден 50-100 адамға негізгі 5 бағыт бойынша қызмет көрсете алады. Атап айтсақ, «Жастарға қызмет көрсету», «Талантты жастарды қолдау бағыты, «Коворкинг орталығы», «Шағын кітапхана», «Психологиялық кеңес беру». Сонымен қатар, орталық жанынан жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған 7 үйірме-клубтары құрылған.

Гүлдана Дәурен

Пікірлер
Редакция таңдауы