Шымкентте офицерлер құрамы аттестациядан өтуде

37

Шымкентте офицерлер құрамы аттестациядан өтуде. Қорғаныс істері жөніндегі департаментте қызмет атқаратын 20-ға жуық офицер осы сынақты абыроймен алып шығуға тырысуда.

Аттестаттау департамент бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы подполковник Тауыржан Смағұловтың төрағалығымен өтіп жатыр. Олар офицерлердің мұнда атқарып отырған әскери лауазымдарына сәйкестігін және одан әрі қызметте пайдалану перспективаларын айқындайды.

Атаулы шара офицерлер құрамының моральдық және психологиялық қасиеттерін зерделейді. Сондай-ақ, олардың жалпы әскери жарғыларын және лауазымдық міндеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуімен қатар, кәсіби және дене дайындығынан сынақтар тапсыруы деңгейі де тексерілді.

Айта кетсек, еліміздің Қарулы Күштеріндегі аттестаттау міндетті түрде үш жылда бір рет ұйымдастырылады. Оған барлық санаттағы офицерлер құрамы қатыстырылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы