Шымкент қаласының әкімі коллектор апатынан баспанасы зардап шеккен зейнеткерге үйдің кілтін табыстады

4966
Adyrna.kz Telegram

Өткен жылдың қараша айында Еңбекші ауданында Қамысты көшесіндегі кәріз құбыры жарылған болатын. Салдарынан Ахмет Мәметов көшесінде орналасқан 4 тұрғын үйдің аумағы мен балабақша ауласы су астында қалды.

Апаттан зейнеткер Людмила Панкратованың үйі айтарлықтай зақымданды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков су басқан аумақтың тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәселемен танысқан еді. Осы орайда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС компаниясының басшылығы баспананы қайта қалпына келтіруді жауапкершілігіне алды. Сонымен қатар, компания жалға алу құнын өтеп, үй тұрғындарын уақытша пәтерге көшірді.

Бүгін қала басшысы кезекті аралау барысында Людмила Панкратоваға жаңа үйдің кілтін табыс етті. Сондай-ақ Наурыз мерекесімен құттықтап, қарияға зор денсаулық пен амандық тіледі.

Пікірлер