“Соғыс бола ма, жоқ па” деп емес, қашан болады деп ойланатын кез келді

2859

Өкінішке қарай, Ресейде осылай ойлай алатын адамдардың саны онша көп емес. Жеткілікті емес. Ресей үшінші дүниежүзілік соғысты бастап кетуге дайын тұр. Қайткенде соған себепкер болатыны анық. "Соғыс бола ма, жоқ па" деп емес, ол қашан болады деп ойланатын кез келді.

Путин "тізерлеп тұрған Ресейді көтерді" деп ұрандап жатқан Мəскеудің есалаң пропагандасы өз елін құрдымға апара жатыр, ұлттық катастрофаға жетелеп барады. Ресейдің үгіт-насихат саласы кімдер қолында екенін ескерсек, осы бір-екі ұлттың өкілдері жүргізіп жатқан саясат қантөгіссіз аяқталмайтыны анық.

Орыстың таудай өскен бағы баянсыз болып, алда оны түпсіз шыңыраудай соры күтіп тұр. Орысты, жалпы ресейліктерді "сыртқы жаумен" ғана емес, ішкі "жаулармен" де, яғни барлық орыс емес ұлттармен араздастырып, соғыстыруға асығыс даярлап жатыр. Ресейдің күні санаулы екенін осыдан білуге болады.

Кино мен телевизор тəрбиелеген импершіл орыстар іс насырға шапса қауқар көрсете ала ма? Қараңғы халықтың көзі ашылып жатыр, аз ұлттар өсті, əлсіз ұлттар күшейді, алауыз болған жұрттар ынтымақтасып жатыр.

"Орыс əлемінің" басқыншылық қаупі бүкіл əлемнің ортақ проблемасына айналды. Оның шешу жолдары тарылғаны рас. Бүгінгі барлық фактор əлемнің үлкен соғысқа табандап, жақын қалғанын көрсетіп отыр. Іштен де, сырттан да бірдей ұрған соққыны Ресей империясы көтере алмайды.

Соғыс болмаса екен, тыныштық керек деп қаншама тілесек те, Ресейдің ең жақын тұрған көнбіс көршісі ретінде, жаулап алуға көздеген бір нысанасы ретінде бола тұрып, біздің соғыс өртінен аман қалуымыз неғайбыл. Бейбітшілік керек болса алдымен соғысқа дайындал деген асыл қағида бар. Қамдан қазақ !

Ақан ЖАҚЫП,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы