Күйеу жігітсіз өткен той қазақстандықтарды таңғалдырды

2343
Adyrna.kz Telegram

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова өзінің инстаграмдағы парақшасында күйеу баласыз өткен той туралы жазба қалдырды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Бұл бір бөлек ұзату. Неге дейсіз ғой? Күйеу баласыз той. Бұл Бiрғаным дейтін сұлу қыз. Күйеу баламен Америкада оқып жүргенде танысады. Мейрас деген Ыстының баласы. Күйеу бала Америкадан визасының әлегі шешілмей, жете алмай қалады. Бiрғаным атына сай бiр аяулы қыз екен. Бір жағы менің Шымкентте танысқаным визажистім- Раномның сіңілісі. Той басталарда, алып шығарда көзі мөлдіреп қобалжып тұр екен. Шығып келе жатып, жаныңдамын дегендей қолынан ұстап қысып-қысып қойдым. Маған қарап қояды. Керемет әдемi басталған жоқ па? Қараныздаршы? Сiздердiң де қыздарыныз өсiп келе жатқан шығар? Қыз ұзатуыныздың қалай басталғанын армандайсыз?", — деп жазды айтыскер ақын.

Алайда Сара Тоқтамысова бұл тойдың дәл қай қалада, қай мейрамханада өткені туралы ақпарат бермепті. Дегенмен қазақстандықтарды мұндай тойдың болғаны таңғалдыруда. Кейбір адамдар қалыңдықты жалғыз қалдырған күйеу жігітке шүйлігуде. Ең қызығы, тойда қалыңдық төрге отырып, қонақтар тарапынан айтылған тілекті жалғыз отырып тыңдаған. 

 

 

  "Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер