«Ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық тобының лидері бостандыққа шықты

4142
Adyrna.kz Telegram

«Ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық тобының лидері Еркін Ізбасар денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босатылды. Бұл туралы тілшіге ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, — деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші топтағы мүгедек Ізбасардың денсаулығы қамауда жатуға жарамайды.

«Тексеру нәтижесі мен Еркін Ізбасардан анықталған аурулар бойынша медициналық комиссияның отырысы өтті. Комиссия ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына сәйкес сотталушының жазаны өтеуден босатуға негіз болатын ауруларының бар-жоғын анықтады», — деп хабарлады ІІМ ҚАЖК.

Кейін колония қызметкерлері бұл қорытынды материалдармен бірге іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілгенін түсіндірді.

2021 жылғы 21 қазанда Өскемен қаласының № 2 соты Ізбасар жазасының өтелмеген бөлігін сауыққанға дейін 11 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, ҰҚТ лидері Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген әрі жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтеген. Ізбасарға он бап бойынша, оның ішінде қылмыстық топ ұйымдастырғаны және 39 миллион теңге сомасында мұнай ұрлағаны үшін айып тағылды.

Онымен бірге сотталушылар орындығында 26 адам болды, оның ішінде Ақтөбе полиция департаменті бастығының экс-орынбасары Рахат Аханов та болды. Олардың 24-і бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза алды.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер