"Хуторлық Хасан" ісі. Тағы бір жәбірленуші пайда болды

1899
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

"Хуторлықтар" деп танылған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Хасан Қасымбаевтың ісіне тағы бір жәбірленуші қосылды. Бұл туралы алғашқы жәбірленушінің адвокаты мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салсақ, Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Адвокат Әлішер Әлішевтің айтуынша, қазір іс бойынша екі жәбірленуші бар.

"Ұрлау мен денсаулыққа ауыр зиян келтіру бір жәбірленушіге, ал бопсалау басқа жәбірленушіге қатысты тергеліп жатыр", – деді адвокат.

Сондай-ақ, ол Хасан Қасымбаевтың қазіргі уақытта түрмеде отырғанын және қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Қазір тергеу аяқталып, іс материалдарымен танысуға мүмкіндік берілуін күтіп отырмыз", – деді Әлішер Әлішев.

Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін кеңінен танылды. Алматы облысының соты оны екі айға қамау туралы шешім шығарған. Бұған дейін құқық қорғау органдары оны 2021 жылы жасаған қылмысы үшін арнайы операция кезінде тұтқындаған болатын.

Айта кетейік, Қасымбаевтың інісі Ержан Қасымбаев 2017 жылдан бері кеден қызметкері Медет Жамашевті өлтіргені үшін түрмеде отыр. Ал Шерзат Полаттың өлімінен кейін, 15 қазанда, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болған Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Пікірлер