Үндістанда жазылмайтын Зика вирусы тарауда

3501
Adyrna.kz Telegram

Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы ең көп қоныстанған Канпур қаласында кем дегенде 89 адам, оның ішінде 17 бала Зика вирусын жұқтырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Канпурдың бас санитарлық дәрігері Непал Сингх штатта Зика індетінің өршіп тұрғанын айтты. Үндістандағы алғашқы жағдай 2017 жылы Гуджаратта тіркелген.

Масалар тасымалдайтын вирус балалардағы микроцефалия және Гилейн-Барре синдромы (GBS) деп аталатын сирек аутоиммунды аурумен байланысты. Масалардан басқа, вирус жыныстық жолмен де жұғуы мүмкін.

Бұл Уттар-Прадеш штатындағы Зика дертінің алғашқы белгілі індеті. 23 қазанда Канпурда вирустың алғашқы жағдайы тіркелгеннен бері, жұқтырғандар саны тұрақты түрде өсті, олардың арасында бір жүкті әйел бар.

Уттар-Прадеш штатының бас министрі Йоги Адитьянат инфекцияның тез таралып жатқанын мойындап, жергілікті шенеуніктерге санитарлық шараларды күшейтуді бұйырды.

«Бұл аурудың ауырлығын ескере отырып, әр науқастың денсаулық жағдайын үнемі бақылап отыру үшін ерекше сақтық шаралары қажет», - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер