Ресей Донбассты өзіне қосып алмақ

3055
Adyrna.kz Telegram

Донбассты Ресейге қосу үшін 1922 жылғы Халық Комиссарлар Кеңесінің актісін заңсыз деп тану туралы талап арыздарды құрастыру қажет. Бұл аумақты аннексиялау әдісін Мемлекеттік Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Водолацкий атады.

«Осыдан кейін 1922 жылғы акт заңсыз деп жарияланса, Донбассқа қатысты барлық сұрақтар автоматты түрде, бірден жоғалады», - деді депутат.

Ол халықаралық құқықтың заңгерлері мұнымен жұмыс істеуі керек екенін айтты. Олар әртүрлі халықаралық институттарға шағым түсіруі керек. Водолацкийдің айтуынша, Халық Комиссарлар Кеңесінің құжаты көптеген адамдар үшін қолайсыз болды. Депутат Ленин қол қойған акт бойынша  Донбасстың аумағы Украина КСР-іне өтіп кеткенін айтты.

Бұған дейін Украинада Ресей Донбассты аннексиялауға тырысты деп айыптаған болатын. Бірінші президент Леонид Кравчуктың айтуынша, Мәскеу аймақта орыс ұлттық мемлекеттік құрылымдарын құруды жоспарлап отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер