Түркіменстанда халықты қызылша мен мақта теруге мәжбүрлеп, ұрып-соғуда

2977
Adyrna.kz Telegram

Түркіменстанда бетперде режимін бұзған адамдар, сондай-ақ тұрмыстық қызмет пен алимент бойынша қарызы барлар мақта мен қызылша теруге мәжбүрлі түрде жіберіледі. Одан бас тартқандарды полицейлер соққыға жығады. Бұл туралы «Азаттық» радиосының түркімен қызметі хабарлады.

"Қазір Берекет және Сердар аймағындағы бетпердесіз ұсталған азаматтарды, сондай-ақ электр жарығы мен газға қарызы бар, алимент бойынша берешегі бар азаматтарды мақта мен қызылша теруге мәжбүрлеп жібереді. Полицейлер мақта мен қызылша теруге мәжбүрлеу үшін оларға күш көрсетіп, ұрып-соғып жатыр», - деп жазады басылым куәгерлердің бірінің сөзін.

Биылғы маусымда тұрғындардың айтуынша, егіс алқаптарында мақта жоқтың қасы. Қазіргі уақытта велаятта жоспардың 21 пайызы ғана орындалған. Балқан велаятында биыл мақта жинау маусымы 8 қыркүйекте басталды. Оған республика бойынша 1,25 миллион тонна мақтаның 10 мың тоннасын жинау міндеті жүктелген.

Түркіменстанда мәжбүрлі еңбек мақта теру үшін ғана емес, оны өсіру үшін де қолданылады. Тамыз айында Азаттықтың Түркімен қызметі Дарғанат аймағындағы орта мектеп мұғалімдерінің мақта өңдеуге жіберілгенін хабарлаған еді. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Түркіменстанды мақта өндірісінде мәжбүрлі және балалар еңбегін пайдаланды деп сынауда. Responsible Sourcing Network сайтының хабарлауынша, 2021 жылдың 10 тамызына дейін 138 жаһандық бренд халықаралық науқанға қосылып, тауар өндірісінде түрікмен мақтасын қолданбау туралы келісімге қол қойған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер