Ақназардың өлімі: Билл Гейтстің назарына іліккен бала еді...

480

Гарвард университетінің студенті, Назарбаев мектебінің түлегі 20 жастағы Ақназар Арманұлының із-түссіз жоғалып, Бостандық ауданынан мәйіті табылған еді. Ұлан газетінің бас редакторы Жадыра Нармаханова фейсбук парақшасында әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айтуынша, Ақназардың жеткен жетістіктерін газет бетіне жариялап тұрғанын, үміт күттірер бала екенін айтып, көңіл білдірді.

Ақназар маңдайы жарқыраған, білімді бала еді. Оның жетістігін үнемі газетке беріп тұрдық. Зор үміт күттік. Бұл пәниден өтті дегенге сене алмай отырмын...

Ақназар тіпті Билл Гейтстің көзіне түсіп, өз аузынан мақтау сөз естіген екен.

Назарбаев мектебіндегі оқушылардың бір-бірін іздеп, бағалап жүретініне сүйсіндік. 2018 жылдың соңында осы мектептің түлегі Ақназар Қажымұрат та Гарвард университетіне шақырту алған еді. Ақназар да толық грант иегері. Ол SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында ең жоғарғы ұпайды жинады. Балалар Ақназардың да жағдайын сұрап, дұғай сәлем айтты. Селимжан әңгімесін әзілмен бастады.

«Әлі күнге дейін телефон ұстамайды. Екеуміздің жатақханамыз екі жақта. Оның жағдайын білу үшін жатақханасына іздеп барамын. Өте алыста тұрады. Ол сабаққа бармайды, лекция жазбайды. Бірақ үздік студенттің бірі. Сабағының бәрін «5-ке» оқиды. Қазір жоғары математика бөлімінде оқып жатыр. Билл Гейтстің лекциясында оның атын атап, мақтапты. Оны естіп мен қатты қуандым», – деді жымиып.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар