Тоқаев: Пенжімде этникалық жанжал болған жоқ

2224
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев Пенжімдегі жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау және нығайту мәселесіне назар аударды.

«Мектепте жай ғана төбелес болды. Бұған жол бермеу керек еді. Оқушылардың мектеп ішінде жүріп жарақат алуы – төтенше жағдай! Азаматтарымыздың наразылығық білдіргені орынды, оларды түсінуге болады. Одан кейін жастар арасында бұзақылыққа жол берілді. Бірақ мұндай жағдайдың алдын алуға болар еді. Дегенмен, әрекет болмады. Ақпараттық кеңістікте осы оқиға этносаралық сипат алды. Бұл жерде ешқандай да этносаралық жанжал болған жоқ! Алайда елімізге қарсы араңдатушылар мен қаскөйлер аталған оқиғаны басқа сипатта көрсетті. Өкініштісі, құқық қорғау органдарының да, Президент Әкімшілігінің де тарапынан мұндай араңдатушыларға қатысты еш әрекет жасалмады. Біз шара қолданбаймыз ба? Мұндай араңдатушылар еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. Сондықтан осы оқиғадан дұрыс шешім шығаруымыз керек, – деді Президент.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер