БҰҰ басшысы: Адамзат өзіне көр қазып жатыр

2566
Adyrna.kz Telegram

Тарихтағы соңғы алты жыл ең ыстық жыл болды, тіпті парниктік газдар шығарындыларымен күресу бойынша барлық болжамдарды орындауда. Бұл жалғаса берсе таяу онжылдықтарда Жер температурасының жалпы 2°С-тан астамға көтерілуіне әкеледі, деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (COP26) тараптарының 26-конференциясында айтты, деп жазады ТАСС.

Оның айтуынша, қазбалы отынға тәуелділік адамзатты тұңғиыққа итермелеп отыр.

БҰҰ Бас хатшысы сонымен қатар Жердің біздің көз алдымызда - мұхит тереңінен тау шыңдарына дейін қалай өзгеріп жатқанын атап өтті.

Теңіз деңгейі 30 жыл бұрынғыдан екі есе жылдам көтерілуде. Мұхиттар бұрынғыдан да ыстық және тез қызуды жалғастыруда. Әлем температураның 2,7 градус Цельсий бойынша апатты көтерілуіне қарай бет алды. Біз климаттық апатқа жақындап барамыз. Оңтайлы сценарий бойынша да температура Цельсий бойынша 2 градустан жоғары көтеріледі, деді Бас хатшы.

Ол температураның 1,5°С-тан жоғары көтерілуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер