АҚШ 55 ресейлік дипломатты елден шығармақ

2372
Adyrna.kz Telegram
Jan. 20, 2016 - Davos, Switzerland - US Secretary of State John Kerry glances outside a window at the Radisson Blu hotel at Zurich International Airport before a bilateral meeting with Russian Foreign Minister Sergey Lavrov on the sidelines of the World Economic Forum January 20, 2015 in Davos, Switzerland. (Credit Image: © Glen Johnson/Planet Pix via ZUMA Wire)

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Ресей мен АҚШ арасындағы дипломатиялық дағдарыс мәселесіне тоқталды. Оның сөзінше екі ел арасындағы шиеленіс жалғасуда және АҚШ алдағы айларда Ресейдің 55 азаматын елден шығармақ. 

"Ресейде шамамен 130 американдық жұмыс істейді, ал Вашингтон мен Нью-Йорк, Хьюстон елшіліктерінде 200ден аз ресейлік қызмет етуде. Вашингтон алдағы уақытта дипломатиялық қызметте істейтін 55 адамымызды елден кетірмек, демек жағдай шиеленісе түседі", — деді Захарова. АҚШ пен Ресей арасында дипломаттарды шығару 2018 жылы басталып, АҚШ 60 ресейлік дипломатты Ресейге қайтарған болатын.

Сарапшылар жағдай күрделене түсіп, АҚШ БҰҰ-дағы Ресей азаматтарын елге қайтаруы мүмкін деген ойда. Өйткені БҰҰ бас штабы АҚШ-та орналасқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер