АҚШ-та Жаңа Орлеан қаласында террорлық шабуыл жасалды

1300
Adyrna.kz Telegram
Фото: BBC news
Фото: BBC news

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Жаңа Орлеан қаласында жаңа жыл түнінде көлікпен адамдарды соғып, артынан оқ жаудырған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оқиға қаладағы ең танымал туристік орын саналатын Бурбон-стритте болған.

Қылмыскер көлігімен Жаңа жылды тойлап жүрген адамдарға соғылған. Содан кейін көліктен шығып, айналасындағы адамдарға оқ жаудырған. Оқиға орнына жеткен полиция қарулы жауап қайтарған.  Қылмыскердің жараланғаны немесе қаза тапқаны әзірге белгісіз.

BBC көптеген жарақат алғандар мен қаза болғандар туралы хабарлады, бірақ нақты сандарды көрсетпеді. Ал CBS Жаңа Орлеан полициясына сілтеме жасап, он адамның қаза тапқанын және 30 адамның ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер