Қазақстандық ғалымдардың ғылыми құндылығы жоқ еңбектері Scopus-тың қара тізіміне енді

2900
Adyrna.kz Telegram

Ғылыми жұмыстардың халықаралық базасы қазақстандық зерттеушілердің жалған жарияланымдарын жоққа шығарды. Әлемге әйгілі Scopus компаниясы ғылыми құны жоқ журналдардың күшін жойды.

Scopus ғылыми жұмыстар халықаралық базасының "қара тізіміне" барлығы 424 басылым енген. Оның ішінде ең көп жалған жұмыстар жариялаған Man in India журналы екен. Басылымда қазақстандық зерттеушілердің 116 жұмысы бар. Мақала жазғандар арасында жас зерттеушілер ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғылыми орталық басшылары да болған.

Кей мәліметтерге сүйенсек, авторлар әр жарияланымы үшін мың доллардан төлеп отырған.

Қалай болғанда да жалған журналда мақала шығарған адамдар оны енді пайдасына жаратып үлгерді. Бірі диссертациясын қорғаса, енді бірі грантын ұтып алды. Алайда олардың жетістіктері күшін жоймайтын болды.

"Қара тізім" бір апта бұрын жарияланса да, ҚР Білім және ғылым министрі ол туралы естімеген екен. Ерлан Сағадиев аталған ақпараттан бейхабар екенін айтып, мәселенің мән-жайын анықтайтынын жеткізді.


nur.kz


 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер