Шымкентте 900-ден астам жоба «Даму» қорынан субсидияланды

3336
Adyrna.kz Telegram

Пандемия талаптары енді ғана өркендеп келе жатқан отандық бизнесті әжептеуір әлсіретіп тастады. Жұмысы шектелген кәсіпкерлер бүгінде мемлекеттік қолдауға зәру. Осыны ескерген «Даму» қоры іскерлердің несие жүгін айтарлықтай азайтуда. Биыл жыл басынан бері қор арқылы Шымкентте 900-ден астам жоба субсидияланды. Қордан қаржы алып, ісін дөңгелеткен кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігімен әріптесім Мақпал Рысбаева танысып қайтты.

Бұл Шымкенттегі  «Жас-Дарын-2» бастауыш мектебі». 350 оқушыға арналған білім ошағының құрылтайшылары ғимараттың құрылысын жүргізу кезінде қаржылық қиындықтарға тап болған. Даму қорына жүгінген бизнес өкілдері жеңілдетілген несие алып, құрылыс шығындарын жауып, мектепке заманауи құрал-жабдықтар сатып алған.

Гүлнар Жұмабаева, мектеп құрылтайшысы:

Ал бұл қаладағы  заманауи құрылғылармен жабдықталған медициналық орталық. Көпсалалы орталықта диагностика жүргізіліп, емдеу шаралары атқарылады. Медициналық ұйымды жабдықтандыруға да «Даму» қоры қолдау көрсетіпті.

Күлаш Ильясова, медицина орталығының өкілі:

Ал «Дары Сайрама» серіктестігі  өз қызметін 2014 жылы бастапты. 5 жылдан бері серіктестік иелері  қордан қаржылай көмек алып,  Италия, Түркия, Болгариядан озық қондырғылар алтыртқан. Қазір мұнда компот, маринад, тұздалған қияр мен консервілер өндіріліп жатыр.

Мамыржан Кочали, серіктестік директоры:

Жыл басынан бері  қалада 43,4 млрд теңгеге 1 мыңға жуық жоба субсидияланған. Олардың ішінде «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша 600-ден астам жоба қаржыландырылған.  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша - 17 млрд теңгеге 17 келісімшарт қолдау алыпты. Қордан карантин кезінде шаруасын шатқаяқтатып алған кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетілген.

Мұғасын Қаңлыбаев «Даму» қорының Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары:

«Даму» қоры – кәсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторы болып табылады. Қор бағдарламалары үш негізгі бағытты жүзеге асырады.  Кәсіпкерлердің несие жүгін азайтып қана қоймай,  мұнда бизнеске енді ғана бет бұрған жас кәсіпкерлерге менеджмент оқытылады.

Пікірлер