Шымсити тұрғындарына таза су берілді

10

Бүгін Шымкенттегі Шымсити тұрғындарына таза су берілді. «Лайқа су ішіп отырмыз» деп наразыланғын білдірген жұртшылыққа тіршілік нәрі енді жаңа су құбырынан ажыратылып отыр. Жергілікті билік өкілдері бүгін шағынауданға барып, халықтың шағымын тыңдады. Жаңа баспаналарға қоныстанғанына 3 жыл болған шымситиліктер атқамінерлердің назарын қордаланып қалған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты бірқатар мәселелерге аударды. Шенеуніктер жылдар бойына созылып келе жатқан бұл түйіткілдердің түйінін қашан, қалай тарқатпақ?

Шымситиліктер жаңа баспаналарға қоныстанғандарына 3 жыл болса да сапалы ауыз суға жарымай келді. Жұртшылық осыған дейін уақытша су құбырынан тіршілік нәрін ажыратып келген. Судың трассасы ауыстырылып қазір тұрғындарға  таза су беріле бастады. Әкімдіктегілер жергілікті халықты сапалы, үздіксіз ауызсумен қамту жұмыстары бір ай бойына жалғасатынын айтады.

Боранбай Болатбеков Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы:

Нұрғали Қосмұратов, Шымкент қаласы су құбырлары және канализация басқармасының директоры:

Шағынаудан тұрғындары үшін қала орталығына қатынау да қиынға түсіп отыр. Күннен-күнге халық саны артып отырған елдімекен тұрғындарының күні қазір бір ғана автобусқа қарап тұр. Тиісті басқарма өкілдері қосымша автобустарды бағытқа қосып, бұл мәселені де реттейміз  деп уәде етті.

Қоқыстың дер кезінде жиналмай, айналаның әрін қашыратыны да шымситиліктірдің шамына тиеді. Тұрғындар осы аумақтың тазалығына бекітілген компанияға өкпелері қара қазандай. Үйілген күл-қоқысты уақытылы шығармайды, жазда қолаңсы иістен демалу мұңға айналады дейді мұндағылар.

Ақмарал Жантаева, қала тұрғыны

Абзал Әліқұлов Қаратау ауданының әкімі: Жұмыс істесеңдер істеңдер бір апта уақыт сендерге....

Қолданысқа берілгеніне небәрі 3 жыл болған жаңа үйлердің сапасы әлден-ақ сыр бере бастапты. Қабырғалар қақ айырылып, есік-терезеден жел уілдейді дейді тұрғындар. Көпшілік көптен бері көкейлерінде жүрген бұл мәселені де іркіп қалмады.Шымситиліктердің шағымына құлақ түруге келген құрылыс басқармасының өкілдері мердігерлерді олқылықтарды орнына келтіруге міндеттейміз дейді.

Гүлмира Есмұханбетова,қала тұрғыны

Бағлан Күздеубаев Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары

Пәтер қожайындарына көптен бері ұстатпай жүрген мердігерлер де осында келді.  Тұрғындар оларға құрылыс кезінде кеткен кемшіліктерді  тізіп берді. Осыған дейін де олқылықтарды орнына келтіргенбіз деген құрылысшылар 5 жыл мерзім ішінде ішінде барлық ақауларды реттейміз дейді.

Жанғали Байбатыров мердігер компанияның өкілі

Қысқасы, бұл жолы осыған дейін де құр уәдемен алдаусыратып келген әкімдіктегілерге ашуға булыққан көпшілікті сабасына түсіру оңай болмады. 38 көпқабатты тұрғын үйі бар шағынаудан мәселесі шаш етектен. Шенеуніктер шымситиліктердің талап—тілектерін жіті тыңдады. Енді тұрғындар шағымына байланысты арнайы комиссия құрылатын болды. Жұмысшы топ 2 мыға жуық тұрғыны бар Шымсити шағынауданындағы барлық түйіткілдерді анықтап,  шешімін шығарады.

Пікірлер
Редакция таңдауы