БҰҰ: 2022 жылдың соңына дейін әлемдегі барлық адам екпе алуы керек!

372

БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Абдулла Шахид әлемдегі барлық адамға 2022 жылдың соңына дейін коронавирусқа қарсы екпе егілу керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

- 2022 жылдың соңына дейін әлемдегі адамдардың бірін қалдырмай вакциналау - біздің басты мақсатымыз. Оған қол жеткізу үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы ретінде қолдан келгеннің бәрін жасаймын, - дейді Шахид.

БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы келесі жылдың басында екпеге қатысты теңсіздік бойынша жоғары деңгейдегі кездесулер ұйымдастыруға ниетті екенін де атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі болғандай, әлемде коронавирус инфекциясының 225 024 781 жағдайы тіркелді. Бір тәулікте COVID-19-ды 451 361 адам жұқтырған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар