Қазақстанды халықаралық қауымдастық қабылдаған күн

1519
Adyrna.kz Telegram

2 - наурыз Қазақстанды халықаралық қауымдастық қабылдаған күн. Осыдан 32 жыл бұрын Қазақстан ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясының пленарлық мәжілісінде ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Шешім дауысқа салынбай, бірауыздан мақұлданды. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүшелікке қабылданғаннан кейін, бірден Тынық мұхиты және Азия аймақтары Экономикалық және әлеуметтік комиссияның мүшелігіне өтті.

Сол жылы Қазақстан Еуропадағы ынты­мақтастық және қауіпсіздік ұйымына да (ЕЫҚҰ) мүшелікке өтті. 1992 жылдың соңында Қазақстанды дүниежүзінің 106 мемлекеті танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнады. Еліміз аз ғана уақытта әлемдік қауымдастыққа еніп, танымал болуына оның БҰҰ-на мүше болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан жаһандық бейбітшілік пен экономикалық ынтымақтасу құнды­лықтарын жақтайтын дамыған әлемдік қатынастар жүйесіне енді. БҰҰ-ға мүше болу арқылы Қазақстан әлемдік саясаттың барлық салаларына қатысуға толыққанды мүмкіндік алды.

 

Пікірлер