БҰҰ Газа секторына қатысты кеңейтілген көмек көрсету жобасын қабылдады

1446
Adyrna.kz Telegram
Сурет: СІМ баспасөз қызметі
Сурет: СІМ баспасөз қызметі

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) ұсынған Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуде кеңейтілген көмекті талап ететін қарар жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РБК-ға сілтеме жасап.

Резолюцияға 13 ел дауыс берді, Ресей мен АҚШ дауыс беруден қалыс қалды.

Резолюцияда «қауіпсіз, кедергісіз және кеңейтілген гуманитарлық қолжетімділікті дереу қамтамасыз ету, сондай-ақ соғыс қимылдарын тұрақты тоқтатуға жағдай жасау үшін шұғыл шаралар» талап етілген.

Құжатқа сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ Бас хатшысынан Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізуді жеделдету үшін гуманитарлық мәселелер және қалпына келтіру жөніндегі аға үйлестіруші тағайындауды, жанжал тараптары болып табылмайтын мемлекеттер арқылы өңірге осындай жүктерді жеткізуді жеделдету үшін БҰҰ механизмін құруды сұрайды.

Дауыс беру алдында Ресей ауызша түзету ұсынды: ол Газа секторында «гуманитарлық көмекке қауіпсіз және кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік беру және соғыс қимылдарын тұрақты тоқтату жолында шұғыл қадамдар жасау үшін» атысты тоқтатуға шақырды.

АҚШ бұл түзетуге тосқауыл қойды. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің кем дегенде біреуі оған қарсы дауыс берсе, түзету қабылданбайды.

Бұған дейін Израиль қорғаныс министрі ХАМАСпен соғыс бірнеше айға созылатынын айтқан болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер