Қазақстанда бір күнде 2087 адам вирус жұқтырған

4263
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/1616986846_2021032907474029106_coronavirus_v_kazakhstane-2.jpg
Қазақстанда ковид жұқтыру фактілері еселеп артты. КВИ-дың ең көп жаңа жағдайлары - Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында анықталған. Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтермен бөлісті. Ақпаратты COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК ұсынды. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 087 жағдай тіркелді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 1 442, Алматы қаласында - 93, Шымкент қаласында – 123, Ақмола облысында – 31, Ақтөбе облысында - 19, Алматы облысында - 28, Атырау облысында - 42, Шығыс Қазақстан облысында - 16, Жамбыл облысында - 35, Батыс Қазақстан облысында - 55, Қарағанды облысында - 49, Қостанай облысында -19, Қызылорда облысында -35, Маңғыстау облысында - 25, Павлодар облысында - 35, Солтүстік Қазақстан облысында - 9, Түркістан облысында - 31. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 997 438 жетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии