Эстония: Жақында Ресей соғыс ашып, әскері басып кіреді

6570
Adyrna.kz Telegram

Ресей "таяу жылдар ішінде" Эстонияға шабуыл жасайды. Бұл туралы Эстония қорғаныс күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Мартин Герем ETV арнасында берген сұхбатында хабарлады.

Ресейдің ықтимал қаупін талқылай отырып, Херем шабуылды жоққа шығаруға болмайтынын және оған мүмкіндігінше дайын болу керектігін айтты.

"Біз Ресейдің қауіп төндіретінін, шабуыл жасай алатынын айтамыз. Бірақ қашан? Биыл, келесі жылы, үш жыл ішінде? Біз бұл алдағы бірнеше жылдың ішінде орын алуы мүмкін екенін түсінуіміз керек. Біз келесі жылдарда болатын қауіптерге қарсы ресурстар бөлуіміз керек пе, әлде 2030 жылға дейін уақытымыз бар ма, ол сол кезде ғана шабуыл жасайды деп отырамыз ба? Мен болашақта немесе бес-алты жылдан кейін болатын қауіпке емес, мен әскерді бүгін болуы мүмкін соғысқа дайындауым керек. Мүмкін Ресейдің мақсаты бізді басып алу емес, тұрақсыздық жасап, сол арқылы басқарып отыру болар. Бұл Грузиядағы, Украинадағы, Молдовадағы сияқты тұрақсыздық бола ма, әлде басқа форматта өрби ме, ол жағы жұмбақ. Бұл үшін Таллинді басып алудың қажеті жоқ. Ол үшін гибридті соғыстың басқа элементтері бұрын да, кейін де және сол уақытта да қолдау алатын әскери күштердің қысқа, шектеулі шабуылын жасауы мүмкін", - деді ол.

Балтық елдері Ресейдің агрессиясы шынайы және жақын жылдары болады деп санайды. Соңғы бес жылда олар қорғаныс саласына бөлетін қаржыны үш есеге арттырған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер