Алматыда тау бөктерінен өрт шықты

4493
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/beccec95b768c04f66098cd008b69688_l.jpg
Алматы маңындағы тау бөктерінде өрт шыққан деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, бүгін сағат 16:05-те Медеу ауданындағы Думан шағын ауданы, Аман Бөктер көшесі 46-үй маңында қураған ағаштар жанып, өрт шыққаны анықталған. Өрт сөндіру бригадасы дереу оқиға орнына барған.
"Оқиға орнына жеке құрамнан 25 адам, 5 техника, табиғи өртті сөндіру жөніндегі жиынтық жасақ қосымша жіберілді. Солтүстік жағынан өрт ошағының жеке секторға өту қаупі туындады. Оларды оқшаулау үшін өрт оқпандары берілді», – деді ТЖД өкілі. Айта кету керек, өрт болған жер – облыс аумағы. Бірақ Думан шағын ауданы тұрғындарынан қоңырау көп түсуіне байланысты қалалық өрт сөндіру жасақтары жіберілген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің бірінші ошағы 1 гектарды, екіншісі - 1,5 гектарды шарпыған.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии