Ресейлік миллиардер еліміздің жүкті әйелдері мен ауыл балаларына 100 мың доллар бөлді

20451

Танымал кәсіпкер Игорь Рыбаков еліміздің қайырымдылық жобаларына $100 мың доллар берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Технониколь» корпорациясының иесі бірнеше жыл бұрын елімізде қызмет атқарған.

«Жас кезімде Қазақстандағы құрылыс саласында жұмыс істедім. Сиыр қораларды салдық. Маған бұл жұмыс үшін 1300 рубльден артық төлеген еді. Бұл сол кезде өте үлкен ақша болатын. Мен алғашқы табысымды Қазақстанда таптым, енді соны қайтармақпын»,– деді Игорь Рыбако.

Қаржы «Аналар үйі» мен «Iqanat» білім беру қорына бөлінеді.

«Аналар үйі» жобасы туралы естігенде, мен оның қаншалықты қарапайым және тиімді екендігіне таңғалдым. Балалар үйіндегі балаларға сыйлықтар берудің қажеті жоқ. Керісінше, олардың сол үйге түспеуіне жағдай жасау керек. Айдын Рақымбаев дәл осы ойды жүзеге асыруда. Мұндай жоба Ресейде де пайда болуы керек»,– деп сөзін толықтырды ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы