“Көлік екіге бөлініп кеткен”. Алматы облысында адам өліміне әкеп соққан ауыр жол апаты болды

2999
Adyrna.kz Telegram

Алматы маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды.

Кадрларға қарағанда, көлік екіге қақ бөлінген. Видеода екі мәйіттің қатар жатқанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, апат Өтеген батыр ауылының (ГРЭС) маңында, Еркін ауылына қарай бұрылыста болған.

Алматы облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі Байсерке кентінің көшелерінің бірінде солға бұрылып келе жатып, қарсы келе жатқан «Лексус» көлігімен соқтығысқан. «Daewoo Nexia» көлігіндегі 24 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, түрлі дене жарақаттарымен «Нексиа» көлігінің жүргізушісі Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға жеткізіліп, есін жимай, сол жерде қайтыс болды», - деді полиция.

Аталмыш дерек оқыстан орын алып, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзған факт ретінде Іле аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді.

«Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады полициядан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от _ (@krispi_kaz)

 

Пікірлер