Астанада көліктер жаппай соқтығысқан жол көлік оқиғасы орын алды

3128
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_2161.jpeg
Астана қаласындағы көпірлердің бірінде үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы пайда болды. Видео авторлары көпірде 8 көлік соқтығысты деп мәлімдеген. Елордалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оқиға 20 сәуірде болғаны белгілі болды. «Тұран даңғылы 2/1 мекен-жайындағы үйден шығып БМВ көлігін басқарып келе жатқан 30 жастағы жүргізуші жолда кедергі пайда болған кезде тізгінге ие бола алмай, Toyota Hilander және Mazda көліктерімен соқтығысқан», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ASTANA|АСТАНА|SERGEK (@astana_brothers)

  Полицияның мәліметінше, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүріп жатыр.
Комментарии