Паралимпиада чемпионына жаңа пәтер мен көлік кілті табысталды

4531
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Токиодағы Паралимпиадада алтын жүлде иеленген Давид Дегтяревке жаңа автокөліктің кілті мен облыс орталығындағы үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өз кезегінде Олимпиада чемпионы Атбасар қаласында өмір сүріп, жаттығуын жалғастыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол барлық ақмолалыққа алғысын білдірді.

«Үйіме оралу керемет эмоцияларды сыйлады. Жеңісімді еліме арнаймын»,— деді спортшы.

Еске сала кетейік, Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен 174 келі нәтижемен «алтын» медаль алған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер