Олжас Сүлейменов Алматының бұрынғы атауын қайтару керектігін айтты

6511
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, лингвист-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменов Алматы қаласының атауына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол "Вечерний Алматы" газетіне берген сұхбатында оңтүстік астанадағы көшелер мен алаңдардың атаулары бұрынғы атауларына ауысуымен қоса қаланың Алма-Ата атауын қайтару керектігін жеткізді.

“Бұл атау мағынасы мен дыбысталуы жағынан қалаға көбірек келеді”, – дейді ақын.

Оның пікірінше, қаланың бұрынғы атауы еліміздегі қонақжайлылық пен дамып келе жатқан туризмнің символы болған.

"ХХ ғасырда Орталық Азияда ашық, қуанышты дауыспен айтылатын атаулардан үш астана болды: Самарқанд, Ашхабад және Алма-Ата. Қонақжайлылық пен туризмнің нышандары еді. Содан кейін олардың ең дыбысталуы ашық қала атауларының бірі екі ашық дауысты дыбыстан айырылды. Жабық дауысты дыбысты қазір әлем тілдерінде айту қиын. Шынайы атауымызды қайтарайық!"- деді Олжас Сүлейменов.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер