Мыңдаған Тәжікстан жастары: Панджшерге барып, тәлібтермен соғысамыз

6183
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Куляб қаласының бір топ жастары Ауғанстанның Панджширдегі Талибанға қарсы қарсылыққа өз еркімен қосылуға ниет білдірді. Жастардың Тәжікстан билігіне үндеуі әлеуметтік желіде қызу талқы туындатуда. 

Кулябтық жастар Тәжікстан басшылығына аты аңызға айналған дала қолбасшысы Ахмад Шах Масудтың ұлы Ахмад Масуд басқаратын қарсылық күштеріне көмектесу үшін Панджшерге баруға рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінді. Панджшерге барғысы келетін кулябтықтардың саны 2 мың адамнан асады.

Тәжік билігі Куляб жастары тобының мәлімдемесіне ешқандай реакция білдірмеді. Тәжікстанның Демократиялық партиясы 20 тамыздағы мәлімдемесінде Ауғанстанда болып жатқан оқиғаларды «осы елдің пуштун емес халықтарына қарсы тәлібтердің геноциді» деп атады және Тәжікстан үкіметін осы елдің дипломатиялық өкілдіктерін жабуға шақырды. Демократтар сонымен қатар «ауған босқындарының уақытша тұруына жағдай жасауға, оларға гуманитарлық көмек көрсетуге және барлық үкіметтік құрылымдарда бұл талаптардың орындалуын жіті бақылауға» шақырып отыр.

Ауғанстан халқының бейресми деректер бойынша 35%-дан астамын тәжіктер құрайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер