Мирзиеев тәлібтер жайлы: Мен өзбек халқының тыныштығы үшін кіммен болса да хабарласамын

6112
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Навои облысына сапары кезінде Ауғанстандағы жағдай туралы айтты. Оның сөздерінің аудиожазбасын заңгер және Ұлттық ақпарат агенттігі басшысының орынбасары Хушнудбек Худайбердиев жариялады. 

"Біз Талибанмен өзара кеңесуді кеше емес, екі жыл бұрын бастадық. Ешқандай ел әлі олармен байланысқа шықпаған соң, мен: "Біз олармен диалог орнатуымыз керек" деген нұсқаулық бердім. Егер сіз теледидардан көрсеңіз, олардың Дохадағы көшбасшысы Мулла Абдул Ғани Бародар жеке сөйлеп, Өзбекстан халқына, Өзбекстанға бірде-бір оқ атылмайды деп уәде берді", - деді Шавкат Мирзиёев.

"Ол өз сөзінде тұрғандықтан, біздің олармен қарым-қатынас жасауымыз қалыпты жағдай. Мен өз халқыма тыныштықты қалаймын, мен кез келген адаммен диалог жүргіземін. Тек өзбек халқының тыныштығына, Өзбекстанның тыныштығына әсер ететін фактор болса ғана, мен оның кім екеніне қарамастан хабарласамын", - деді президент.

Ол екі жыл бұрын Ауғанстанда дәл осындай оқиғалар болатынын болжағанын айтады. Президент Өзбекстанның қорғаныс күші кез келген оқиғаға, қауіпке дайын екеніне сендірді: "Әрине, Ауғанстандағы жағдай бәрімізді ойландырады. Уайымдамаңыздар, біздің қорғаныс күшіміз кез келген жағдайға дайын, біз барлығын бақылаудамыз", - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер