2019 жылы әуе апатынан қаза тапқан ұшқыштың отбасына 4 млн теңге беріледі

3122
Adyrna.kz Telegram

2019 жылы Алматы маңында Bek Air ұшағы апатқа ұшырағаннан соң қаза тапқан ұшқыш Мейіржан Молдақұловтың отбасына 4 млн теңге беріледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қаулысында жазылды.

«2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы облысының Талғар ауданында болған әуе апатынан қаза тапқан ұшқыш Миржан Гайнулович Мулдакуловтың жұбайы Зауреш Нургалиевна Мулдакуловаға 2021 жылғы 29 сәуірдегі өтініші негізінде қаржылай көмек көрсетуге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2021 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 4000000 (төрт миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін»,— делінген құжатта.

Еске сала кетейік, 2019 жылы BekAir әуекомпаниясының ұшағы Алматы-Астана бағытындағы рейсіне ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Гүлдала және Әлмерек елді-мекендеріне құлаған еді. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер