АҚШ Ауғанстанның қауіпсіздігі үшін армиясына өте көп қару берген

941

Ауғанстан аймақтық қару сататын базарға айналуы мүмкін. Ауғанстандағы АҚШ әскері шығарылғаннан кейін, елдегі жаппай дүмпуді пайдаланған Талибан радикалды қозғалысы елдің билігін басып алып, АҚШ-тың ауған армиясына табыстаған қарударының біраз бөлігін тартып алды. Бұл жайында америкалық Politico баспасы зерттеулер жүргізіпті.

Politico баспасының айтуынша, АҚШ әскері кеткеннен кейін көп ұзамай тәліптер ауғандықтар орналасқан базалардағы қаруларға бас салған. Алғашқы кездің өзінде-ақ талибандықтар АҚШ-тың құны миллиард долларды құрайтын соғыс техникалары мен қаруларына иемденген. Бұл қаруларды АҚШ қорғаныс күштері бірнеше жылдар бойы ауғандықтарға көмек ретінде жеткізіп отырды.  Олардың ішінде дрондар, А-29 тезникалары, пикаптар, ұшақтар болған.

АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің айтуынша, тәліптер сонда қалған тағы да біраз қаруларға ауыз салуы мүмкін. Қазір АҚШ тарапы Ауғанстанда нақты қанша қарулары жатқаны жайында мәліметтер бермей отыр. Ал, біз айтып жүрген 88 миллиард доллар 20 жыл бойы шығындылмаған. АҚШ соңғы екі жылдың өзінде Ауғанстанның ағарту мен қорғаныс қауіпсіздігі саласына 83 миллиард долларды шығындаған. Мұны Politico баспасы жарыққа шығарып отыр.

2003-2007 жылдар аралығында АҚШ-тың қорғаныс күштері Ауғанстанның қауіпсіздігі үшін М-16 маркалы 600 винтовока, 76 мың автомобиль, 16 мың түнде көрсететін құрылғылар тапсырыпты. 2017-2019  жылдары 4,7 мың жол техникалары, 20 мың гранаталар мен гранатаметтар, сан мыңдаған байланыс құралдары тапсырыпты.

Ал, 2021 жылы ауғандық сарбаздарға 1000 дана 70мм-лік ракеталар, 61 мың 40мм-лік снарядтар, 900 мың патрон, 2 миллион 7,62мм-лік патрондар табысталған.

Осы қарулардың барлығы да ауғандықтарға тәліптерден қорғану мақсатында жеткізілген. Тек жалғыз ғана тәліптер емес, Ауған жерінде Ал-Кайда мен ИГИЛ-дің жасақтарына да қарсы тұру мақсатында берілген.

Осыдан біраз уақыт бұрын АҚШ президенті Джо Байден "Ауғанстан халқы ерлікпен күресе алмады, біз оларға қолымыздан келген көмектің барлығын жасадық. Ауған билігі сарғырттық пен жемқорлыққа жол берді. Сондықтан жеңіліс тапты" деп мәлімдеме жасады. Қазір АҚШ-тың табыстаған қаруларының көп бөлігін тәліптер иеленіп алды.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар