Қазақ тілді орта Тайшыбековтың сотталғанына сенбей отыр

4221
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының Әуезов аудандық соты белгілі ресейшіл Ермек Тайшыбековты 7 жылға түрмеге жапты. Қазақстан сотының мұндай шешім шығарғанына қоғам күмәнмен, сенімсіз қарап отырған сияқты. Бізде осы уақытқа дейін ресейлік тараптың сөзін сөйлеп келгендердің басының бір тал шашы да түспегені белгілі.

Тайшыбековтың сотталғанына қазақстандықтардан гөрі ресейліктер дүр сілкінді. Өздерінің ақпараттық құралдарында әртүрлі пропаганданы жасап отырды. Тайшыбеков осы уақытқа дейін ресейлік пропаганданы жүргізіп, қазақ қоғамының жүйкесіне тиіп келді. Ал, Тайшыбековтың адвокаты Ғалым Нұрпейісов Тайшыбековты «ұлтаралық кикілжің туғызды» деген баппен соттаудың еш негізі жоқ деп ақтап отыр.

Тайшыбеков осыған дейін 2020 жылы қыркүйек айында Қордайдағы көтеріліс бойынша да ұлтаралық кикілжің шығарып, қолға түскен. 2020 жылдың ақпан айында Қордай ісі  бойынша тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ал, Қордайдағы жағдайдан өздеріңіздің хабарларыңыз бар. Жаппай төбелестен 11 адам қаза тапты, 20 полиция қызметкерлері әртүрлі деңгейде жарақат алды. 156 үй өртеніп кетті, 102 көлік талқандалды.

Ал енді менің таң қалып отырғаным, ресейліктердің Қазақстанда орыстілділердің құқы тапталып жатыр деп дабыра қаққан тұсында Қазақстан соты неге Тайшыбековты қамап тастады? Қордайдағы оқиға бойынша сотталатын адамдар сотталып кетті. Ал осы Қордай оқиғасына қатысы бар басты фигура Тайшыбеков неге дәл қазір сотталып отыр? Әлде бұл ресейліктердің дабылынан кейін Қазақстанда тіл жайында дау ушығып кетпесін деп, басты фигура етіп Тайшыбековты жаба салды ма?

Қазақ қоғамының қазіргі кезде түйсігі мықты. Бәрін біліп, сезіп отырады. Бірақ қазақ қоғамы Тайшыбековтың шынайы түрмеге тоғытылғанына күмәнмен қарайды. Мен өз басым елдегі ұлтараздық кикілжің тудыратын, ресейшіл фигуралардың түрмеген тоғытылғанын қашанда қолдаймын! Сіздің пікіріңіз қандай?

 

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер