Шымкентте спорт қолжетімді бола бастады

2969
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында екі бірдей заманауи ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді.

Оның бірі Абай ауданы, Самал 3 шағын ауданы Ізгілік және Юсупов көшесінің қиылысында орналасқан болса, екіншісі Еңбекші ауданы, Қарабастау тұрғын алабында ашылды.
Қос бірдей спорт нысандарының ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Қала басшысы бұқаралық спортты дамытудың негізінде сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастыратынымызды айтып өтті. Сонымен бірге барша қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Көп функционалды спорт алаңшалырының екеуіде жеке кәсіпкер «Eurasian Resources Group» ЖШС-нің жеке қоры есебінен салынды. Спорт алаңшаларының құрылысына 13-14,5 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Құрылысын жүргізген мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС-гі. Жалпы ауданы 324 шаршы метрді құрайтын бұл нысанда спорттық жабдықтармен және дене шынықтыруға арналған қондырғылармен жабдықталған. Мұнда спорттың волейбол, баскетбол футбол түрімен және стрит воркаутпен айналысуға болады.

Бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылған жұмыстар жайын айтып өткен Абай аудан әкімі Б.Парманов 2014 жылдан бері ауданда жалпы 222 аула абаттандырылып, 58 спорт алаңшасы салынғанын жеткізді.

Сонымен қатар, Абай ауданында қала әкімінің тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуы мен қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау туралы берген тапсырмасына сәйкес осы жылы балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына 1 млрд 389 млн.теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржылар 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруға, 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеуге, 35 спорт алаңшаларын орнатуға жұмсалады. Сонымен қатар, ауданда «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылған.
Спорт алаңшасын таныстыру барысында Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек 2011-2020 жылдар аралығында аудан аумағында 85 алаңша құрылғанын және осы жылы 15 спорт алаңшасын құру жоспарланып жатқанын баяндады.

Қарабастау тұрғын алабында 8932 халық тұрады. Оның ішінде жалпы балалар саны 3370.

Шымкент қаласының әкімдігі

Пікірлер