Маңғыстауда "Ағаштарға қамқор бол" республикалық акциясы өтті

2083
Adyrna.kz Telegram

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Ағаштарға қамқор бол» акциясына Мұнайлы, Қарақия, Бейнеу, Маңғыстау ауданы, Жаңаөзен мен Ақтау қаласының тұрғындары қатысты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Чосон» этномәдени бірлестігінің мүшесі Давид Ян бұл науқанды қолдай отырып, үйінің жанындағы қарағаш, қайың, айлант ағаштарына күнделікті күтім жасайды.
Сондай-ақ, қала тұрғыны Андрей Тен 12-шағын ауданының 50-үй тұрғындарымен бірлесіп, жинаған қаражатқа 30 түп көшет отырғызды.

«Видергебург» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Маргарита Клее және бірлестік жастары үй ауласындағы ағаштарды суарып, акцияға қолдау білдірді. Әзірбайжан, лезгин, дағыстан, қырғыз, ұйғыр және өзбек этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қаланың гүлденуіне үлес қосып жатыр.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер