ҚР СІМ Ауғанстанның 70 000 азаматын қабылдау туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды

2222
Adyrna.kz Telegram

What ‘ sApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тарады. Алғашқы 500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонған, алдағы күндері тағы 1500 адам келеді екен. ҚР СІМ Ауғанстанның 70 000 азаматын қабылдау туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ауғанстаннан босқындардың келетіні және олардың Шымкент пен Түркістан облысына орналастырылатыны туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.

"Бүгінгі күні тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер