Шымкенттік оқушы әлемнің 36 университетінен шақырту алды. Білім Инновация ер балаларға арналған лицейінде 11 сынып оқитын Дінмұхаммед Маликовтың ҰБТ көрсеткіші де көңіл көншітеді. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ үш тілді жетік меңгерген шәкірт енді шет елде білім алуды жоспарлап отыр.
Дінмұхаммед Маликов – оқу-білімге құштар. Ұстаздардың айтуынша шет тілдерді өздігінен меңгеріп, әлемдік деңгейдегі оқу орындарына тест тапсырған. IELTS сынағынан да сүрінбей өткен. Ендігі арманы – шетелде оқып, сол білімін туған жерді түлетуге сарп ету.
“Шет елде білім алсам да, немесе Қазақстанда оқитын болсам да басты мақсатым ол алған білімім мен тәжірибемді Қазақстанды дамытуға арнау болып табылады. Менің артымда келе жатқан іні-қарындастарыма менің бұл жолым мотивация болды деп үміттенемін”, дейді түлек.
Лицейде 2019 жылдан бері 9-10-11 сынып балаларына кәсіби бағдар беретін маман тұрақты жұмыс істеп келеді. Бітіруші сынып балаларының таңдаған мамандығы мен қарым-қабілетіне қарай білім алып, сынақ тапсыруларына көмек беріп отырады. Соның нәтижесінде өткен жылы осы лицейдің 8 түлегі шетелдік оқу орындарына түскен.
Маликов Дінмұхамед шақырту алған университеттер тізімі:
АҚШ:
• Elon University — $200,000 (Scholarship)
• Clark University — $120,000 (Scholarship)
• University of New Haven — $120,000 (Scholarship)
• Eckerd College — $100,000 (Scholarship)
• Ohio University — $42,000 (Scholarship)
• University of Colorado Boulder — QS Top 200
Ұлыбритания:
• Queen Mary University of London — UK Top 20
Германия:
• Constructor University — €15,000 (Scholarship)
Франция:
• American University of Paris — QS Top 50 Global
Австралия:
• RMIT University — QS Top 200 Global
• University of Wollongong Australia — QS Top 200
Испания:
• Saint Louis University — €26,400 (Scholarship)
БАӘ:
• Middlesex University Dubai — 45% (Scholarship)
• Curtin University Dubai — 30% (Scholarship)
• Murdoch University Dubai — 25% (Scholarship)
• University of Wollongong Dubai — QS Top 200
• University of Birmingham Dubai — QS World 80
Болгария:
• American University of Bulgaria — 30% (Scholarship)
Түркия:
• Yaşar University — 75% (Scholarship)
• Kadir Has University — 70% (Scholarship)
• Istanbul Aydin University — Turkey Top 31
• Yeditepe University — 50% (Scholarship)
• Istanbul Beykent University — Turkey Top 74
• Ted University — 50% (Scholarship)
• Istanbul Kültür University — Turkey Top 109
• Istanbul Gelişim University — 50% (Scholarship)
• Işik University — Turkey Top 121
• Istanbul Bilgi University— 45% (Scholarship)
• Antalya Bilim University — Turkey Top 176
• Ozyegin University — 40% (Scholarship)
• Acibadem University — 35% (Scholarship)
Малайзия:
• Taylor’s University - Top 6 Malaysia
• Management & Science University - Top 28 Malaysia
• ALFA University College - Top 50 Malaysia
Кипр:
• Cyprus West University — 75% (Scholarship)
• Bahçeşehir University — QS Western Asia 31