Түркияда ресейлік өрт сөндіруші ұшақ құлады

1578

Түркияда құлаған ресейлік "Бе-200" ұшағы апатынан аман қалғандар жоқ деп хабарлады  Ресейдің Қорғаныс министрлігі. Бұл жайлы "РИА Новости" жазды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұшақ бортында бес ресейлік әскери қызметші мен экипажға өрт сөндіру ошақтарын көрсеткен түркиялық мамандар болған. Олар - Түркияның Орман шаруашылығы министрлігінің үш өкілі.

Ресей Федерациясының әскери ведомствосының мәліметінше, ұшақ өрт ошақтарын сөндіру тапсырмасын орындағаннан кейін қонуға әрекет жасаған кезде шамамен сағат 15.00-де құлаған.

БАҚ-тың мәліметінше, өртті сөндіру басталғанда біраз уақыттан кейін ұшақпен байланыс үзілген. Ол Мугла провинциясындағы өртті сөндіруге қатысқан ұшақтардың бірі еді. Ресейде жалға алынған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ су алғаннан кейін қажетті биікке жете алмай, жартасқа құлаған.

Түркия Сыртқы істер министрі басшысы Мевлют Чавушоғлу  аталған оқиғаға байланысты Ресей мен Түркия халқына көңіл айтты.

"Кахраманмараштағы өртті сөндіру кезінде болған ұшақ апатында түрік және орыс экипажының қаза болғаны туралы хабарға қатты қайғырдық. Түрік және орыс халқына көңіл айтамыз. Қаза тапқандардың ерлігі ұмытылмайды",- деп жазды министр Twitter-де.

Түркия әуе күштері Бе-200 өрт сөндірушісі құлаған жерге іздестіру-құтқару операциясын жүргізу үшін ұшақ пен тікұшақ жіберді. Сондай-ақ, апат орнына Ресей Қорғаныс министрлігінің комиссиясы мен Анкарадағы Ресей елшілігінің өкілдері аттанған.

Айта кету керек, аталған ұшақта ресейлік танымал ұшқыш Евгений Кузнецов болған. Ол 2014 жылы Қырымда  болған оқиғаға байланысты түсірілген деректі фильмде бас кейіпкер болған.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы