Алматыда көпқабатты үй өртеніп кетті

2602
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматы қаласы Жетісу ауданы Ақтолқын көшесіндегі көпқабатты үй өртенді. Қазір өрттің себептерін тексеру жұмыстары Алматы қаласының әкімінің жеке бақылауында деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, өрттің салдарынан 13 отбасы баспанасыз қалған. Қазір оның жетеуі туыстарының үйлерінде. Ал 6 отбасының 23 мүшесі уақытша қонақүйлерге орналастырылған. Қазір қала әкімі  Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

"Мектеп жасындағы балаларға оқу жылына дайындалуға көмек көрсетіледі», - деп хабарлады әкімдік.

Алдағы уақытта өрттің шығу себептері анықталып, комиссия қорытындысы шыққан соң тұрғындарға баспана беру мәселесі бойынша шешім қабылданады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Ноксвилл опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер