Мессидің көз жасын сүрткен орамалы 1 млн долларға сатылмақ

4130
Adyrna.kz Telegram

Испанияда «Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Лионель Мессидің  қоштасу баспасөз мәслихатында көз жасын сүрткен қағаз орамалы Mercado Libre аукционына қойылғандығы анықталды. Орамалдың бастапқы құны  — 1 миллион доллар деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ридус.ру" сайтына сілтеме жасап.

Месси өмірінің көп бөлігін «Барселонаға» арнады. Аргентиналық футболшы Испания чемпионатының, Чемпиондар лигасының бірнеше дүркін жеңімпазы атанды, алты рет «Әлемнің үздік футболшысы» атағын жеңіп алды. Оны бұл клубтың нағыз аңызы деп санауға болады.

Биыл тамызда аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ресми түрде Францияның "Пари Сен-Жермен" футбол клубына ауысты. Осыдан кейін Лионель Месси өзінің ресми сайтында тегі жазылған футболкаларды сатылымға шығарды. Бір сағатта 250 мың футболка сатылған.

Қазір әлеуметтік желілерде футболшының бет орамалының қымбат бағаға сатылуына байланысты әр түрлі пікірлер айтылуда. Бірқатар жанкүйерлер «бөтен жаратылыс иесінің биоматериалы» шынымен қымбат тұрады» деп бағалауда.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер