Түркияда алапат өрттен кейін су тасқыны болып жатыр

4614
Adyrna.kz Telegram

Түркияда алапат орман өртінен кейін су тасқыны басталды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Reuters басылымы жазғандай, қатты жауын-шашыннан болған су тасқыны Түркияның Қара теңіз жағалауындағы көпірді қиратып, бірнеше елді мекенді жарықсыз қалдырды.

Су тасқыны Синоп, Бартын, Қарабюк және Кастамону провинцияларына әсер етті. Түркияның солтүстігіндегі Бартын провинциясында көпір құлады. Төтенше жағдай салдарынан 13 адам зардап шегіп, бір адам инфаркттан қайтыс болды. Сонымен қатар, құтқару қызметкерлері жоғалған 80 жастағы әйелді іздестіріп жатыр.

Премьер‐министр жанындағы төтенше жағдайлар және апаттар басқармасы (AFAD) мәліметі бойынша , 12 ауылда электр қуаты үзілген. Сондай-ақ, ғимараттардың бірінші қабаттары су астында қалған.

Бартыннан 240 шақырым жерде орналасқан Синоп провинциясында су тасқыны салдарынан бір үй құлады. Провинцияның табиғи апаттан зардап шеккен аудандарында көп үй мен кәсіпорынды су басты. Шенеуніктер бұл аймақтағы мемлекеттік аурухана сақтық шарасы үшін эвакуацияланғанын хабарлады.

Деректерге сәйкес, қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар су басқан үйлерден үрлемелі қайықтармен көшіріліп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер