"Орыстілділерге тиісуде": Жириновский қырғыз елшілігінің алдында наразылық акциясын өткізді

3691
Adyrna.kz Telegram

ЛДПР Ресей партиясының жетекшісі Владимир Жириновский Мәскеудегі Қырғызстан елшілігінің ғимаратында наразылық акциясын өткізді. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналында хабарлады.

«Қырғызстан елшілігінің алдында орыстарға қысым көрсету жағдайларының қайталануына байланысты наразылық акциясын өткізудеміз. Кеше ғана Бішкекте бір қырғыз азаматы орыс әйел кассиріне өз ана тілінде сөйлегені үшін шабуыл жасады. Бір апта бұрын олар орыс жігітін мазақ етті", - деп жазды Владимир Жириновский.

Саясаткер сондай-ақ Қырғызстаннан келген жұмысшылар санын азайтуға және екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстарды әлсіретуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Бішкекте мас адам «SMagic» ойынханасында жұмыс істейтін қызметкердің біріне шабуыл жасаған болатын. Клиентке кассирдің оған орыс тілінде қызмет көрсете бастағаны ұнамаған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер