Дәл біздегі жағдай! Ар-намысты өлтірудің "ағылшындық" тәсілі

5753
Adyrna.kz Telegram
Үндістан Ұлыбритания корольдігінің отары болып тұрған кезде бір ағылшын офицері базарда сусын сатып жүрген бір үндімен керісіп қалып, бір-біріне қол көтеруге дейін барыпты. Ашудан түтігіп бөлімшесіне жетіп командиріне "жерін басып алып, өздерін бағындырсақ та қалайша бізге қарсы шығуға дәттері барады?" деп шағымданған ғой.
Бастығы тыңдап болып оған: "қазір базарға қайтып бар да оны тауып алып, сен батыл, ержүрек екенсің деп арқасынан қағып, мақта да, саудасын ұлғайту үшін біраз ақша бер" дейді.
Біршама уақыттан соң командирі офицерді шақырып: ,,өткенде мен айтқандай істедің ба" депті. ,,Иә, істедім". ,,Онда бар да, оны мықтап тұрып саба".
Офицер базарға келсе, әлгі адам тағы 4-5 жерден сауда нүктелерін ашып тастаған, жұмысын жүргізетін адамдар жалдаған, саудасы шалқып жүріп жатыр екен. Офицерді көріп, жүгіріп қасына жеткенде, бұл сөз айтпастан жақтан тартқан ғой. Анау үн қатпапты. Тағы бір-екі шапалақ жіберсе, басы салбырап сол күйі тұр дейді үндеместен. Қатты таң болған офицер командиріне келмей ме, неге бұндай болып қалды деп. Сонда командирі:
,,Сен бірінші рет ұрғанда онда өзінің ар-намысынан басқа ештеңе жоқ еді, ол сол өзінде бар арын, намысын қорғады. Ал қазір ол байыды, дүние-мүлкі бар, саған қарсыласуға сол дүниесінен айырылып қаламын деп қорықты. Қысқасы ар-намысты дүниеге айырбастап жіберді" деген екен.
Қазір арамызда, көз алдымызда қанша кеудесінде әйтеуір жаны бар, басқасының бәрін жоғалтқан пенделер жүр. Арын, намысын, тіпті ұлтының мүддесін ақшаға, креслоға айырбастап жіберген.
Әсіресе өз, қаракөз жұмысшымыздың шағымдарына пысқырмай, шетел инвесторларының алдында құрдай жорғалайтын басшыларды көргенде, Аналардың қолын қайырып, сүйреп бара жатқан күштік құрылым қызметкерлерін көргенде, әлгі үнділіктің бейнесі еріксіз көз алдыңа келеді екен.
Рамазан АЖНИЯЗОВТЫҢ
фейсбук парақшасынан
Пікірлер