Қазақстандық ғалымдар капсула түрінде вакцина шығаруды көздеп отыр

2555
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық ғалымдар капсула түрде вакцина шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Коронавирус көбіне мұрын қуысында жиналады. Вакцинаны мұрынға тамызу арқылы алу өте тиімді тәсіл. Қазір бұл бағытта қазақстандық ғалымдар да жұмыс істеп жатыр. Вакцинолог Қайсар Табынов Аграрлық университетте осы бастаманы қолға алды. Бұл тәсіл әлі іске асырылған жоқ, бірақ Израиль, Аустралия және АҚШ-тағы көптеген халықаралық топтар осы бағытта жұмыс істеуде. Барлығы ойдағыдай жүзеге асса, вакциналау процесі едәуір жеделдейді және вакцина қолжетімді болады», - деді Алмаз Шарман.

Пікірлер